Единоборства
8 қазан 2020 11:24

UFC-дегі бірінші қазақстандық қыз жарақат алып қалды

Сурет: instagram.com/mma.mashka©
UFC промоушеніндегі бірінші қазақстандық файтер қыз Мария Агапова аяқ жарақатын алып, жарты жыл жекпе-жекке шыға алмайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Спортшы ота жасатыпты.

Еске салайық, Агапова UFC-дегі бірінші жекпе-жегін маусымда өткізіп, бірінші раундта-ақ америкалық Ханна Сайферсті жеңді.

Ал тамызда қазақстандық спортшы екінші раундта америкалық Шана Добсоннан техникалық нокаутпен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Агапованы зембілмен көтеріп шығарып, ауруханаға алып кеткен.