MMA
24 ақпан 2021 13:14

UFC-дегі бірінші қазақстандық файтер қыз келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Сурет: nstagram.com/mma.mashka/

UFC-дегі бірінші қазақстандық файтер қыз Мария Агапова октогонға оралуы жайлы мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, былтыр қазан айында ол сіңірін созып алып, жарты жылға спорттан алыстап қалды. 

"Екі ай өте жаттығуларыма оралдым. Қалпыма келіп жатырмын. Азырақ шыдасаңыздар жақында жекпе-жек болады. Бәріңді сүйемін!" - деп жазыпты Агапова Instagram желісінде.