MMA
Бүгін 13:56

UFC-де Ислам Махачевке ең қауіпті қарсылас табылды: ол жеңілмеген қазақ нокаутшы

©instagram.com/islam_makhachev

Жасанды интелект жеңіл салмақта UFC чемпионы әрі салмақ дәрежесіне қарамастан ұйымның ең үздік файтері саналатын ресейлік Ислам Махачевке (27-1) жартылай орта дивизионда ең қауіпті қарсылас кім болатынын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дағыстандықтың жоғары салмаққа өтуін күтіп жүрген ММА жанкүйерлері Илон Маск жасап шығарған Grok атты жасанды интеллект жүйесіне сұрақ қойды: "Жаңа дивизионда Хабиб Нурмагомедовтің мұрагері үшін ең қауіпті кім болуы мүмкін?"

Шавкат – Ислам үшін ең қауіпті қарсылас па?

Жасанды санаға ұсынылған үміткерлердің қатарында жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мухаммад (24-3) және оның келесі қарсыласы, аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2), осы дивизионның рейтингіндегі бірінші нөмірлі файтер — америкалық Шон Брэди (18-1), оның отандастары Хоакин Бакли (21-6) мен Камару Усман (20-4), ирландиялық Иэн Гэрри (16-1), сондай-ақ, қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) болды. Grok жүйесі қазақстандық спортшыны таңдады.

"Шавкат Рахмонов – Ислам Махачев үшін жартылай орта салмақтағы ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін. Оның мінсіз рекорды (19-0), жоғары деңгейдегі күресі мен физикалық көрсеткіштері Махачевке айтарлықтай қиындық тудыра алады. Рахмоновтың қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңе алу қабілеті оны әрдайым қауіпті етеді," – дейді жасанды сана.


Махачев соңғы рет қашан жекпе-жекке шықты?

Ресейлік файтер соңғы рет 2025 жылдың қаңтарында октагонға шықты. Ол жекпе-жектің бірінші минутында-ақ бразилиялық Ренато Мойканоны (20-6) жеңді. Бастапқыда қарсыласы армениялық Арман Царукян (22-3) болуы керек еді, алайда, ол бір күн қалғанда денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Махачевтің келесі қарсыласы әлі белгісіз.

Рахмоновтың жағдайы қалай?

Шавкат Рахмоновта да ұқсас жағдай болды. Ол 2025 жылдың мамыр айында Белал Мухаммадпен чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуы тиіс болған, алайда, жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Шавкат жылдың екінші жартысында октагонға қайта оралады деп жоспарланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport