Единоборства
11 қараша 2021 13:26
 

UFC чемпионын жарты жылға жекпе-жектерден шеттетіп тастауы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

UFC чемпионын жарты жылға жекпе-жектерден шеттетіп тастауы мүмкін ©UFC

Жартылай ауыр салмақта UFC ұйымының чемпионы Гловер Тейшераны UFC 267 турниріндегі жекпе-жегінен кейін жарты жылға жекпе-жектерден шеттетіп тастауы мүмкін, деп жазады MixedMartialArts порталы. 

blog.share

Жартылай ауыр салмақта UFC ұйымының чемпионы Гловер Тейшераны UFC 267 турниріндегі жекпе-жегінен кейін жарты жылға жекпе-жектерден шеттетіп тастауы мүмкін, деп жазады MixedMartialArts порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, спортшы соңғы кездесуінде иығынан жарақат алып қалған. Енді бразилиялық жарақатын толық тексертуі керек. Кері жағдайда ол жарты жылға дейін жекпе-жектен шеттетілуі ықтимал. 

Еске салайық, Гловер Тейшейра соңғы кездесуін Ян Блаховичке қарсы өткізді. Бұл кездесудің екінші раундында Тейшейра таза жеңіске жетті. Осылайша, бразилиялық жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы атанған болатын. 

Блахович үшін бұл аралас жекпе-жектегі 37 кездесуі болды. Ол тоғызыншы рет жеңілді. Ал Тейшейра болса 40 кездесуінде 33 рет жеңіске жетті. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!