Жартылай орта салмақта UFC чемпионы америкалық Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.
Тегі палестиналық чемпион қазақ файтердің әлсіз тұстарын білетінін және оны менталды тұрғыда сындырып тастайтынын айтты.
"Шавкаттың жұмысында әлсіз тұстарды көрдім. Біз жекпе-жекке шыққанда, қайтадан баяғы нәтиже болады - тағы қарсылас сынып қалады", - дейді Белал Barstool Chicago-ға сұхбатында.