MMA
5 қараша 10:00

UFC чемпионы Шавкатқа өзінің орнына қарсылас тапты

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) енді кіммен айқаса алатынын айтты. 

Мухаммад пен Рахмонов 7 желтоқсан Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде айқасу керек болған. Алайда Белал опреация жасатып, қатардан шығып қалды. Ал матчмейкерлер турнирдің басты жекпе-жегінің орнын толтыруға тырысып бағуда. 

Белалдың сөзінше Шавкатқа бұрынғы чемпион Камару Усман қарсылас бола алады.

"Қазір осы жол ғана қалды, өйткені (Хоакин) Бакли мен (Йен) Гэрри енді 14 желтоқсан өзара айқасады, ал Маддаленаның жарақаты бар. Бірақ Рахмонов пен Усман бірге жаттығады. Бір жағынан біртүрлі әрине", - деп береді Усманның сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport