Единоборства
13 қаңтар 16:27

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновты нокаутқа түсіруге уәде берді

©Bloodandsweat

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) өтетін титулды айқасқа қатысты ойын айтты.

Спортшылар 2024 жылы жұдырықтасу керек болған, алайда, Белал операция жасатып жекпе-жекке шыға алмады. Бұл чемпионның титулды алғаш рет қорғауы болады.  

Белал өзін осы дивизионда ең мықты деп есептейді. Сондықтан Шавкатпен айқасқа шыққанда мұны сөзсіз дәлелдейтінін айтады. 

"Бұрын да айтқанмын жартылай орта дивизионда мен ең мықтымын, дәл қазіргі сәтте. Басқа файтерлерге қарап, олардың өнерін саралаған сәтте бұл менің сенімділігімді тіптен арттырады. Бұл салмақта мен бәрінен мықтымын.

Сәтті түскенде мен мұны міндетті түрде бүкіл әлемге дәлелдеймін. Ал Шавкатпен жекпе-жекте оны нокаутқа түсірген бірінші қарсыласы боламын", - дейді Белал Submission Radio-ға сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport