Единоборства
1 қараша 08:13
 

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен неге айқаспайтынын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен неге айқаспайтынын түсіндірді ©UFC

Жартылай орта салмақтағы Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтпейтін болды. UFC чемпионы бақайын операция жасатыпты, деп хабарлайды msports.kz cайты. 

blog.share

Жартылай орта салмақтағы Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтпейтін болды. UFC чемпионы бақайын операция жасатыпты, деп хабарлайды msports.kz cайты. 

Титулды айқас 8 желтоқсан UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегі болу керек еді. Алайда бүгін белгілі болғандай, Белал кездесуге шыға алмайтын болды. Кейіннен өзі хабарлағандай, оның бақайына инфекциялық жара шыққан. 

"Аяғымның сүйегіне инфекция түсті. Антибиотик енгізу үшін аяққа операция жасауға тура келді. Алдағы алты апта бойы физикалық жаттығуларға тыйым салынды. Алланың жоспары - ең жақсы жоспар. Барлығыңыздан жоспарларыңызды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. Мен жақында қайта ораламын, Иншалла", - деп жазды Белал.  


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!