UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек алдында басқа салмаққа өтетінін мәлімдеді
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) орта дивизионға өтіп, Шон Стриклендпен (29-6) жекпе-жекке шықпақ ойы бар.
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) орта дивизионға өтіп, Шон Стриклендпен (29-6) жекпе-жекке шықпақ ойы бар.
Алайда тегі палестиналық чемпионның келесі қарсыласы жартылай орта дивизиондағы қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) болу керек. Спортшылар 2024 жылы жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда, Белал операция жасатқанына байланысты бұл айқас кейінге қалды.
"Стриклендті нокаутқа түсіреді де, ол талып қалып, тұрмай қалады деп үміттенемін. Бірақ мен бәрібір жоғары салмаққа өтіп, онымен жұдырықтасқым келеді, онда белбеу бола ма, жоқ па, бәрібір.
Шон - "тобыр" сөзінің тура анықтамасы. Айтқан сандырағы үшін оны жазалау керек", - деп береді Балалдың сөзін Submission Radio.
Жарнама