Единоборства
23 желтоқсан 2021 15:05

UFC чемпионы Конор МакГрегормен қашан жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

©UFC

Бұған дейін Конор МакГрегормен  (22-6) кездесу өткізуге ниетті болып жүрген жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Чарльз Оливейра (32-8) енді ирландиялықпен нақты қашан кездесуі болатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Оливейраның айтуынша, ол МакГрегормен 7 мамыр күні Рио-де-Жанейро қаласында өтетін UFC 274 турнирінде кездескісі келеді екен. 

"Конормен мамырда кездесу өткізсек керемет болар еді. МакГрегор жекпе-жектің күнін сұрап, мені айқасқа шақырды. Ол "Ирландия және Бразилия 2" деп бұл кездесуге айдар тағып қойды. Ол ғана емес, мен де, тіпті бүкіл әлемнің жанкүйерлері бұл жекпе-жекті көргісі келеді. Онда ұйымдастырайық. Мен оны мамыр айында күтемін. Кездесу жеңіл салмақта, жартылай жеңіл салмақта өтсе де маған айырмашылық жоқ. 

Ал егер МакГрегормен мәмілеге келе алмасақ, онда америкалық Джастин Гэтжимен (23-3) кездесуге дайынмын", - деді бразилиялық Sherdog порталына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Чарльз Оливейра соңғы кездесуін 11 желтоқсан күні Лас-Вегас қаласында UFC 269 турнирінде өткізіп, америкалық Дастин Порьені қылқындыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Конор МакГрегор болса кейінгі айқасын 11 шілде күні Лас-Вегаста UFC 264 турнирінде өткізіп, сол Дастин Порьеден ұтылды. Кездесу барысында ирландиялық аяғын сындырып алды. Қазір МакГрегор сол жарақатын емдеуде. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport