Единоборства
23 ақпан 2022 07:48

UFC чемпионы қазақ кикбоксшыға алғысын білдірді

©ВКонтакте

Жеңіл салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы ресейлік Петр Ян instagram желісінде жаттығуының суретін жариялап, қысқаша жазба қалдырды.

"Мақсатым барда кедергілерді байқамаймын. Кайратыч, еңбегіңе шын жүректен алғыс", - деп жазыпты Ян.

Петр әлеуметтік желіде белгілеп, алғысын білдірген Қайратыч - Қайрат Нұрмағанбетов. Ресейдің Омбы қаласында туып-өскен Қайрат кикбокстан екі дүркін әлем чемпионы. Қазіргі таңда Нұрмағанбетов Петр Янды жаттықтырып жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport