Нурмагомедов Қазақстанға өзінің командаластары әрі UFC-де өнер көрсететін Зубайра Тухугов және Ислам Махачевпен бірге келген екен.
Алматыда Нурмагомедов 25 желтоқсан "Алматы Аренада" өтетін Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болады. Ал мұнан бір күн бұрын UFC чемпионы жанкүйерлермен кездесу өткізеді.
Айта кетейік, Алматыға келер алдында Нурмагомедовтің үшінші баласы дүниеге келді - спортшының кенжесі ұл.