Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) карьерасы чемпиондығын бір рет қорғаумен бітіп қалмайтынын айтты.
Ол титулын Рахмоновқа қарсы қорғайдыМухаммад келесі кездесуінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) жұдырықтасады: бұл айқас 2024 жылы өту керек болған, алайда, чемпион операция жасатқанына байланысты жекпе-жекке шқпады.
"Сапарым аяқталған жоқ. Меніі жолым мені жартылай орта салмақ тарихындағы ең мықты деп мойындағанда ғана бітеді.
Сондықтан қазір бұл бір бөлшегі ғана. Мен айттым, соған жеттім, енді мен келесі мақсатыма бет бұрдым", - деп береді Мухаммадтың сөзін Cageside Press.