MMA
13 наурыз 12:19

UFC чемпионы Анкалаевтың залына келген қазақтарға істегені бас шайқатты

©globallookpress.com

Аралас жекпе-жектің белгілі шебері Магомед Кабардиев (10-1) SauBall YouTube арнасында Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында UFC чемпионы Магомед Анкалаев (20-1-1-1) қазақстандық спортшыларды өз залында қалай қарсы алғанын айтып берді. 

NAIZA лигасының экс чемпионы Кабардиев Дағыстанда туып-өскен, ал 2016 жылы Қазақстанға көшті. Бірнеше жыл бұрын ол Tobet Top Team-дағы командаластарын Дағыстанға оқу-жаттығу жиынына апарған.

Сол залда Анкалаев та жаттыққан еді.

"Иә, "Горец" залында жаттықтық. Астанадан жігіттерді сол жаққа алғаш рет апарғанмын. Менімен Султан Жолдошбек пен Махамбет Шахатов болды. Оларды Махачкаланы көрсетуге бірге ала кеттім. 

"Горецте" үш апта жаттықтық, сол кезде онда Анкалаев пен оның бапкері Сухраб Магомедов болды. Анкалаев ол уақытта WFCA чемпионы еді және қызыл Mercedes GLE көлігімен жүретін. Біз залға келгенде алдында оның көлігі тұрды, өзі залда жүр екен. 

Анкалаев өзінің қонақжайлығын көрсетті, ол менімен келген жігіттерді бірден өз командасына алды. Жылдам тіл-табысып кетті. Осындай таныстық болған", - деп еске алды Кабардиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport