Единоборства
6 тамыз 2020 17:26
 
UFC чемпиондық белбеуіне үміткер болған спортшы қарсыласының тамағына түкіріп жіберді

  Пікірлер

blog.share

UFC чемпиондық белбеуіне үміткер болған спортшы қарсыласының тамағына түкіріп жіберді Дерек Льюис. Сурет: UFC

UFC ұйымында аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық Деррик Льюис алдағы кездесуге қарсыласы болатын ресейлік Алексей Олейниктің тамағына түкіріп жіберді. 

Америкалық спортшы өзінің Instagram парақшасына видео салды. Ол видеода Льюис қарсыласы Алексей Олейникке арналған тамаққа түкіріп тұр. 

"Маған UFC ұйымдастырушылары тамақ алып кеп берді. Сонымен қатар, Алексейге арналған тамақ та маған келіп қалды. Білесіздер ме, оның тамағында бір қоспа жетіспейтін секілді. Жаман емес, бірақ шамалы дұрыстап жіберейік (деп түкіріп жібереді)",- дейді видеода спортшы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@ufc

Публикация от Derrick Lewis (@thebeastufc)

Айта кетейік, Деррик Льюис аралас жекпе-жекте 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетіп, жеті кездесуде жеңілген. Бір рет оның жекпе-жегі өткен жоқ болып тіркелді. Ол 2018 жылы ауыр салмақта чемпион болып тұрған Даниель Корьмеге қарсы белбеуге таласып, ұтылып қалған. 

Ал Алексей Олейние болса аралас жекпе-жекте 73 кездесу өткізіп, 59 жеңіске жеткен. 

Льюис пен Олейник арасындағы жекпе-жек 8 тамыз күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!