MMA
14 қазан 2019 16:27

UFC басшысы Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы қарымта жекпе-жек жайлы айтты

© AllFight.Ru
UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақта ұйым чемпионы Хабиб Нурмагомедовке жақын арада қандай қарсыластарға дайындалу керегін айтты. 

Оның сөзінше, алдағы уақытта Нурмагамедов пен амеркиалық Тони Фергюсон арасында жекпе-жек ұйымдастырылады, ал осыдан кейін ирландиялық Конор МакГрегормен қарымта өтуі де мүмкін.

"Қазір Хабиб пен Тони Фергюсон жекпе-жегін ұйымдастыру керек. Конор? Ол әлемнің ең мықты файтерлерінің үштігінде. Қазір ол бар назарын Хабибпен өтуі мүмкін қарымтаға бұрған", - деп келтіреді Уайттың сөзін TMZ.

Нурмагомедов соңғы рет 7 қыркүйек Абу-Дабиде америкалық Дастин Порьемен жұдырықтасып, тұншықтыру әдісімен жеңген. Осылайша, ресейлік файтер чемпиондығын қорғап қалды.