UFC басшысы МакГрегор мен Порье арасындағы кездесу қашан өтетінін айтты
UFC ұйымының президенті Дана Уайт Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы кездесу UFC 257 турнирінің басты айқасы болатынын айтты,- деп хабарлайды ESPN порталы.
"Егер барлығы ойдағыдай болатын болса, МакГрегор мен Порье арасындағы кездесу 23 қаңтарда "Жауынгерлер аралында" өтеді. Бірақ ол уақытқа дейін әлемде қандай өзгерістер болатыны белгісіз", - деді Уайт.
Айта кетейік, МакГрегор үшін бұл соңғы бір жылдағы бірінші кездесу болмақ. Ол соңғы рет октогонда 2020 жылдың қаңтарында шығып, Дональд Серронені бір минутта нокаутқа түсірді.
Ал Порье болса, 2020 жылдың маусымында Дэн Хукермен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.
Негізі бұл екі спортшы бұған дейін кездескен. 2014 жылы өткен айқаста ирландиялық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Жарнама