Единоборства
25 қаңтар 2021 10:23

UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың титулына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: RingSide24

UFC президенті Дана Уайт Әбу-Дабидегі турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында Хабиб Нурмагомедов шаршы алаңға оралмаса, жеңіл салмақтағы чемпионның белбеуіне қатысты қандай шешім шығарылатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Промоушен басшысы Конор МакГрегорді нокаутпен жеңген Дастин Порьенің бұл жекпе-жек титулды болуы мүмкін еді деген сөзіне жауап берді. Хабиб енді жекпе-жек өткізбейтіндігіне байланысты америкалық файтер өзін жаңа чемпион деп жариялады. Уайт Хабибті тағы бір жекпе-жекке шығуға көндіргісі келгенін мойындады.

"Егер Хабиб кетсе, Порье мен Чандлер бұл титулға таласады", - деді Уайт. - Хабиб маған: "өзіңе адал бол, менің деңгейім бұл жігіттерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Мен бұл жігіттерді жеңдім" деген. Енді оның не айтатынын білмеймін. Көреміз. Бірақ мен ол бүкіл дивизионды ұстап тұрмайтынын айттым. Ол карьерасын аяқтады, біз оны тек бір жекпе-жекке қайтаруға тырыстық. Хабибке уақыт беру керек пе? Бұл аса маңызды емес, бұл екеуі: Чандлер мен Порье жуырда ғана жұдырықтасты, сондықтан жақын уақытта шықпас", - деді Дана Уайт.
 
Айта кетейік, америкалық файтер Порье Конор МакГрегорді екінші раундта жеңді. Кездесуден кейін Дастин Порье өзін Хабибтің орнына UFC чемпионы деп жариялады.