Единоборства
14 сәуір 2019 10:21
 
UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласының есімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласының есімін жариялады UFC басшысы Дана Уайт. © MMA Mania

Абсолют жекпе-жек чемпионатының (UFC) басшысы Дана Уайт TMZ Sports порталына берген сұхбатында ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін америкалық Макс Эоллоуэй және Дастин Порье кездесуінің жеңімпазымен өткізетінін мәлімдеді.

"Холлоуэй - Порье арасындағы өткен кездесудің жеңімпазы жеңіл салмақтағы уақытша чемпион атағын алатын болады. Жеңімпаз Хабибпен кездеседі. Жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп үмітенемін", - деді Уайт. 

Басылым мәліметінше, Хабибтың қарсыласы Конор МакГрегор болатыны айтылған. Дағыстандық спортшы былтыр қазан айында ирландиялықты қылғындыру әдісімен жеңген еді. Алайда ирландиялыққа "кезекке тұруға тура келеді".

Холлоуэй - Порье жекпе-жегі 13 сәуірде Атлантада UFC 236 аясында өтеді. Бұл кездесудің басты жекпе-жегі болады. 

Жарнама

Живи спортом!