UFC аруы іш киіммен жаттыққан видеосын жариялады
Украиналық спортшы Марина Мороз инстаграм парақшасында іш киіммен жаттыққан видеосын салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Украиналық спортшы Марина Мороз инстаграм парақшасында іш киіммен жаттыққан видеосын салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Сонымен қатар UFC промоушнында сынға түсіп жүрген ару жуырда кезекті жекпе-жегі бойынша келіссөздер жүргізетінін айтты.
Видеоның астында жанкүйерлердің бірі "Сенде жарақат бар ма? Жекпе-жектер туралы жаңалықтар қашан шығады?" – деп жазған.
Өз кезегінде украиналық файтер "Жарақат жоқ. Жуырда келесі жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмын. Ол туралы жаңалық болады", - деп жауап берді Мороз.
Еске салайық, Марина Мороз қатарынан төрт рет UFC-гі айқасынан бас тартты. Соңғы рет украиналық ару 2020 жылдың наурыз айында Майра Сильвамен шығып, ұпай санымен жеңіске жеткен еді. Жалпы алғанда Мороз UFC деңгейінде октагонға сегіз рет шығып, оның бесеуін жеңіспен аяқтады.
Жарнама