UFC америкалық файтерді ұйымнан қуып жіберді
©UFC
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық файтер Грег Харди UFC ұйымынан қуылды, деп жазды спортшының өзі әлеуметтік парақшасында.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық файтер Грег Харди UFC ұйымынан қуылды, деп жазды спортшының өзі әлеуметтік парақшасында.
"Барлық жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сіздер мен үшін қымбатсыздар. Сонымен қатар, бапкерлерім мен отбасыма алғыс айтамын. UFC басшыларына да рақмет. Маған жарқырауыма мүмкіндік бергендеріңіз үшін", - деді Харди.
Айта кетейік, 33 жастағы файтер соңғы айқасын UFC 272 турнирінде өткізіп, Сергей Спивактан ұтылып қалды.
Жалпы америкалық спортшы UFC ұйымында тоғыз айқас өткізіп, төртеуінде жеңіске жетсе, бесеуінде жеңілген.
Жарнама