Украиналық файтер Аскар Можаров алғашқы жекпе-жегінен кейін-ақ UFC-ден шығарылды, деп хабарлайды "Вестник MMA" телеграм арнасы.
Басты себеп спортшының Sherdog порталындағы рекордын өз қолымен өзгертуі болып отырғаны көрінеді. Тергеу кезінде украиналықтың шынайы рекорды 25-7 емес 21-12 болып шықты.
Сонымен қоса, 4 маусымда өткен UFC-дегі алғашқы айқасында ол америкалық Алонcо Менифилдтен бірінші раундта нокаутпен жеңілді.
Можаров UFC-мен 2021 жылдың мамырында келісімшарт жасаған еді.