Единоборства
11 желтоқсан 2022 12:37

UFC 282 турнирінің басты айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды

©Вестник ММА

Бүгін, 11 желтоқсан күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласында UFC 282 турнирі өтті. Жекпе-жек кешінің басты айқасында жартылай ауыр салмақтағы польшалық Ян Блахович пен ресейлік Магомед Анкалаев чемпиондық атаққа таласты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кездесу бес раунд болды. Оның қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтиже тіркеді. Осылайша, бұл салмақтағы чемпиондық белбеу бос қалатын болды. 

Негізі бұл айқаста Анкалаев жеңіске жақын болды. Жекпе-жектің қорытындысына біраз жанкүйерлер де келіспейтінін айтып жатыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport