Единоборства
12 шілде 2020 11:47

UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегін Камару Усман Хорхе Масвидальды жеңді

Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралындағы" UFC 251 турнирінің басты кездесуі аяқталды. Кештің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Камару Усман (16-1-0) мен америкалық Хорхе Масвидаль (35-13-0) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Кездесуді ә дегеннен Масвидаль өз қолына алғысы келген еді. Бірақ, чемпион октогандағы жағдайды реттеп, бірінші және екінші раундты өз пайдасына аяқтады. 

Үшінші раундта Усман қарсыласын ұстау тұру көрсеткішін 5 минут 41 секундқа дейін жеткізді. Бұл раундта чемпион қарсыласының белінен төмен ұрып, біраз үзіліс те тіркелді. 

Төртінші раунда да Усман қарсыласына ешнәрсе істеуге мұрша бермеді. Дәл солай бесінші раунда та аяқталып, нигериялық спортшы чемпиондық белбеуін сақтап қалды.