Түйені өңгеріп алып көлік сүйрейтін "Қазақтың алыбы" АҚШ-та жалаң жұдырықпен айқасқа шығады

©instagram.com/qazaqtitan/

Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов 13 қыркүйек АҚШ-тың Голливуд қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізеді (Астана уақыты бойынша 14 қыркүйек, 03:00).

Кездесу жалаң жұдырықпен айқас өткізетін белгілі промоушн - BKFC лигасында өтеді. Кеше, 12 қыркүйек салмақ өлшеу рәсімі өтті. Алматтың қарсыласы 77 кг дейінгі салмақтағы америкалық Rayne Wells.

Еске салайық, Алмат Жұманов үш мәрте КИнЭС рекордтар кітабына енген. Алматтың рекордттары: 1) 109 тонналы вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген. 2) Иыққа түйе көтеріп, сол уақытта арқанмен үш жеңіл көлікті жүргізушілерімен бірге 13 метрге сүйреген. 3) 26 тонналық АН-72 әскери ұшағын 1 метрге сүйреді.

2022 жылы “Ирандық Халк” Саджад Гарибимен рингке шығып, қарсыласын 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осы кездесуден кейін BKFC лигасына шақырту алып, Колумбияда өткен екі іріктеу кездесуде қарсыластарын 30, 39 секундта нокаутпен жеңді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар