Қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов "Барыс" хоккей клубының капитаны Даррен Дицтің айлығына қатысты сын пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кеше "Спорт-Экспресс" ҚХЛ-дегі ең қымбат хоккейшілер рейтиінгін жасаған, тізімде екінші Диц болды. Осылайша, "Барыс" ойыншысының бір жылдық табысы 100 миллион рубль екен (579 миллион теңге).
"Бұл - халықтың ақшасына бәрінің түгіргені бар дегенді білдіреді", - деп жазыпты Хамитов әлеуметтік желіде.