Ирландиялық спортшы Питер Куилли қазақстандық Қуат "Найман" Хамитовтан жеңілгеннен кейін төрешілердің шешімі туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Хамитов пен Куилли арасындағы жекпе-жек Алматыда өткен Fight Nghts Global 80 турнирінің басты кездесуі болды. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
"Қуат - өте қарымды қарсылас. Жекпе-жек үшін рақмет. Бірақ мен төрешілердің шешімімен келіспеймін. Бұл жерде мен жеңілді дегеннен гөрі, тең нәтижені тіркегені дұрыс болатын еді. Дегенмен де шешім қабылданып қойды", - деді Куилли октоганның ішінде.
Осылайша 29 жастағы спортшымыз мансабындағы 19 (14 уақытынан бұрын) жеңісіне жетті. Хамитовтың еншісінде 6 жеңіліс бар. Ал 31 жастағы Куилли болса карьерасындағы бесінші жеңілісіне тап болды. 10 жекпе-жекте ол жеңіске жеткен.

Жарнама