Единоборства
12 шілде 2020 07:49

"Төрешілер мен қарсыластарыңа ешқандай мүмкіндік бермейсің". M1 Global чемпионы Жұмағұловқа қолдау білдірді

Сурет: instagram.com/morozclub777
M1 Global ұйымының чемпионы қазақстандық Сергей Морозов UFC  ұйымындағы бірінші кездесуін өткізіп, жеңіліп қалған Жалғас Жұмағұловқа қолдау білдірді. 

31 жастағы Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін 24 жастағы бразилиялық Раулиан Пайваға қарсы өткізіп, жеңіліп қалды. Кездесу үш раундқа жалғасты. 

"Жалғас, сені жақсы біле тұра әлі-ақ мықты болып оралып, төрешілер мен қарсыластарыңа ешқандай мүмкіндік бермейтініңе сенімдімін. "Арлан МММ - күш. Қазақстан, алға", - деп жазды Морозов Instagram парақшасында. 

Жұмағұлов бүгін карьерасында төртінші рет жеңілді. 13 мәрте ол қарсыластарынан үстем түскен. Ал Пайва болса 20 кездесуінде жеңіске жетіп отыр. Бразилилық үш рет жеңілген.