Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон келесі кездесуін 2020 жылдың 12-желтоқсанында өткізеді. Бұл туралы ұйымның президенті Дана Уайт айтты, деп хабарлайды ESPN порталы.
Фергюсонның қарсыласы Шарлис Оливейра болады. Ол соңғы жеті жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жеткен.
Еске салайық, Тони Фергюсон өзінің соңғы кездесуін 2020 жылдың мамырында өткізді. Соңғы айқасында ол Джастин Гэтжиден жеңіліп, Хабиб Нурмагомедовпен кездесу мүмкіндігінен айырылды.
Ал Оливейра болса соңғы кездесуінде Кевин Лимен кездесіп, жеңіске жетті. Бразилиялық файтер қазіргі уақытта жеңіл салмақтың рейтингінде алтыншы орында тұрса, Фергюсон үшінші орында.
UFC 256 турнирін 12-желтоқсанға белгіленген.
MMA
21 қараша 2020 14:58
Тони Фергюсоннің UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды
Тони Фергюсон. Сурет: UFC©