UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов "Вестник MMA" арнасына берген сұхбатында UFC 280 турниріндегі Абубакар Нурмагомедов пен Хамзат Чимаев арасындағы жанжалға қатысты ойын айтты.
Чимаев, Рахмонов сияқты Абу-Дабидегі аренаға қонақ ретінде келді. Ал 32 жастағы Абубакар (Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі) осы жарыста отандасы Гаджи Омаргаджиевті жеңген болатын.
- Хамзат Чимаев пен Абубакар Нурмагомедов арасында жанжал басталғанда не ойладың? Көбі мұндай жағдай Чимаев екеуіңнің араңда болады деп күтті.
- Білмеймін, жәй қарап тұрдым.
- Қоршаудан асып кірісіп кеткің келмеді ме?
- Жоқ, ондай қызық емес. Егер менімен жанжал болса, төбелесетін едім әрине. Ал былай сырттан қарап тұрдым болды.