UFC 264 турнирінің басты кардында техникалық нокаутпен ұтылған Конор МакГрегор мәлімдеме жасады деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қажет болса Порьемен көшеде төбелесуге дайынмын. Аяғымды сен сындырған жоқсың. Бұл әлі соңы емес", - дейді ирландялық спортшы.
Еске салайық, Конор мен Порье осылайша октагонда үшінші рет айқасып отыр. 2014 жылы МакГрегор нокаутпен жеңсе, биылғы жылдың басында Дастин Порье нокаутпен есесін қайтарған. Бұл жолғы жекпе-жектің бірінші раундында сәтсіз қадам жасаған МакГрегор аяғын қайырып алды. Спортшының жай-күйін тексерген дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған. Нәтижесінде америкалық ММА шебері техникалық нокаутпен жеңісті тойлады.