Танымал файтер UFC промоушенінен кеткенін хабарлады
©instagram.com/askar_mma
Аралас жекпе-жектегі танымал ресейлік файтер Асқар Асқаров UFC ұйымынан кеткен хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аралас жекпе-жектегі танымал ресейлік файтер Асқар Асқаров UFC ұйымынан кеткен хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Ассалаумағалейкум, денсаулығыма байланысты мен жекпе-жек өткізе алмай жатырмын. Сол үшін UFC ұйымына келісімшартты бұзу туралы өтініш айттым. Олар келісті. Алдымен денсаулығымды реттеп алайын. Содан соң не боларын көреміз", - деді Асқаров Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Асқаров UFC ұйымының жеңіл салмағындағы рейтингте төртінші орында болған еді. Ол соңғы кездесуін 26 наурыз күні өткізіп, төрешілер шешімі бойынша Кай Кара-Франстан жеңілді.
Жарнама