Единоборства
16 ақпан 2024 14:50

"Таңдандыруы мүмкін, бірақ...". Сарапшы Бекзаттың Нурмагомедовпен жекпе-жегіне шын баға берді

©Instagram/bekzatalmahan

Аралас жекпе-жектің белгілі комментаторы Олег Володин UFC-дің қазақстандық дебютанты Бекзат Алмаханның (17-1) дағыстандық Умар Нурмагомедовпен (16-0) алдағы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz

"Дебютантта әрдайым басымдық болады. Өйткені сені көпшілік те, ростердегі файтерлер де білмейді. Интернеттен жекпе-жектеріңді саралауға болады әрине, бірақ бәрібір сенен күтпейтін дүниелер болып қалады. Физикалық күш, рефлекс, жылдамдық пен қарым - мұны видеодан дәл бағалау қиын. Сондықтан теориялық тұрғыда Бекзат таңдандыруы мүмкін, әсіресе жекпе-жек басында. Бірақ бұл жеңіс үшін жеткілікті ме? Бұл басқа әңгіме". 
 
Володин қазақстандық спортшының жеңіске мүмкіндігі қанша дегенге былай жауап берді:

"Қазақстан спортшысын құрметтеймін, дей тұрғанымен апсет мүмкіндігі өте төмен. Егер Нурмагомедов жарақатынан толық сауықса, оның жеңіліп қалуын елестете алмаймын. Оның деңгейі - Бекзаттың үйренгенінен басқа. Сондықтан Қазақстан файтері үшін бұл салдары ауыр сын. Бірақ бұл жерде қауіп бәріне бар", - дейді сарапшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport