Единоборства
14 қыркүйек 2020 11:33

"Тағы да шегіне қашасың ба?". Қазақ файтер UFC чемпиондығына үміткермен ілінісіп қалды

Сурет: vmma.ru
Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов америкалық Джон Додсонмен әлеуметтік желіде сөзге келіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірнеше күн бұрын Жұмағұлов Додсонды жекпе-жекке шақырып, кез-келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін жеткізген. Алайда америкалық спортшы мұндай жекпе-жек оны қызықтырмайтынын айтып, қазақстандыққа жалған аккаунттар ашып, жекпе-жекке шақыра берудің қажеті жоқ деді.

"UFC-дегі дебют жекпе-жегіңді менімен өткізгің келетіні жақсы әрине. Бірақ маған UFC-де бірнеше кездесу өткізген адам керек. Менімен жұдырықтасу үшін үшін түрлі жалған аккаунт ашатын қандай да бір жаңа жігітті іздемеймін", - деп жазды Додсон Twitter-де.

Жұмағұлов жауабын көп күттірмеді:

"Джонни, менде UFC-де дебют болды және қайта октогонға шығуға дайынмын. Сенде менікіндей жанкүйерлердің қолдауы болған емес, сондықтан менің аккаунттарым жалған деп ойлайсың. Менің артымда бүкіл бір ел тұр, сондықтан менің атымды құрметте. Мен тәжірибесіз спортшы емеспін - оны менімен октогонға шыққанда біле аласың. Қаласаң, үлкен шоу жасайық, әлде сен басқа жекпе-жектеріңдегі сияқты әдеттегідей шегініп қашасың ба? Менің барлық кездесуім - айқас. Соғысқа дайын болсаң, жасайық!"- деп жауап берді Жұмағұлов.

Жұмағұлов маусымда UFC-де дебют жасаған болатын, алайда төрешілердің шешімімен бразилиялық спортшы Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды. Ал Додсон жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағына екі рет үміткер болған, бірақ екеуінде де отандасы Деметриус Джонсоннан жеңіліп қалды.