Тағы бір қазақ файтер әлемдегі ең мықты промоушенге қосылды
26 жастағы қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Қазақ спортшы өте жеңіл салмақта өнер көрсетеді.
26 жастағы қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Қазақ спортшы өте жеңіл салмақта өнер көрсетеді.
UFC-де бұл салмақтың (61 келі) чемпионы – Шон О'Мэлли. Бұған дейін Сергей Морозов та осы салмақта өнер көрсеткен.
Бекзат осыған дейін 18 жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана қарсыласына жол берген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Кейінгі екі жылда OCTAGON ұйымдастыратын жекпе-жек кештерінде бақ сынап жүрді.
"Бекзат – аралас жекпе-жек шебері, ерекше талант иесі. ММА-мен 17 жасынан бастап айналыса бастаған, негізгі спорты – карате. Оны қазақ ММА спортының аңызға айналған маманы Дәнеш Дүнгенбаев жаттықтырады. Бекзат Дәнештің UFC-ге шыққан екінші шәкірті. Бұған дейін Азат Мақсұм келісімшартқа қол қойып, бір жекпе-жек өткізген еді. 4 ақпанда бұл спортшы екінші шайқасына шығады", - делінген лига хабарламасында.
Осылайша UFC-дегі қазақстандық спортшылар қатары тағы біреуге артты.
Жарнама