MMA News мәліметінше, америкалық файтер Майк Драгич Флориданың бастауыш мектебінің маңынан үш метрлік қолтырауынды ұстап алған, деп хабарлайды Vesti.kz.
Драгич ММА-де төрт жекпе-жек өткізген екен, оның екеуінде жеңіп, екеуінде есе жіберіпті.
Спорттан бөлек ол қолтырауын аулауда кәсіпқой саналады екен. Флоридада көшеде қолтырауын кездестіру таңқаларлық дүние емес екен.