Спортшы атыс шығарған адамға тап беріп қаруын тартып алған
UFC промоушенінде өнер көрсететін америкалық спортшы Кевин Холланд Хьюстондағы мейрамханалардың бірінде атыс ашқан ер адамды қарусыздандырған. Оқиға кезінде мейрамханада 40-50 адамдай болған екен. Бұл туралы белгілі журналист журналист Ариэль Хельвани "инстаграм" желісі арқылы баяндады, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Оқ атқан адамға бірден үш жігіт тап беріп, қаруын тартып алды. Ешкім зардап шекпеген. Ол батыл жігіттердің бірі Кевин Холланд болған. Ол тағы ерлік жасады", - деп жазыпты Хельвани.
Холланд UFC лигасында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Кейінгі айқасында ол Алекс Оливейраны екінші райндта техникалық нокаутпен жеңді.
Жарнама