Единоборства
9 сәуір 2018 10:08
 
Спортқа оралатын болсам, тек UFC үшін ғана - Флойд Мейвезер

  Пікірлер

blog.share

Спортқа оралатын болсам, тек UFC үшін ғана - Флойд Мейвезер Reuters©

Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер спортқа қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Бірақ ол тек ережесіз жекпе-жекте өнер көрсету үшін ғана спортқа қайта оралатынын хабарлады, деп жазады "Чемпионат.com" порталы. 

"Спортсыз өмір керемет өтіп жатыр. Бірақ менің спорттан кетіп, қайта оралатынымды көпшілік жақсы біледі. Тағы да қайта оралуым мүмкін бе? Иә, бірақ тек UFC үшін ғана. Егер Дэна Уайтпен келісетін болсам, үлкен жекпе-жек ұйымдастыра алатын шығармын. Мен Конор МакГрегормен кездесе аламын. Сонымен қатар тағы бірнеше жекпе-жекке келісім шарт жасауым мүмкін. Бокс туралы айтатын болсам, мен шаршы алаңға қайта оралмаймын", - деп келтіреді Мейвезердің сөзін BoxingScene порталы. 

UFC чемпионы атанған Нурмагомедов жекпе-жектен кейін МакГрегорды мазақ етті

Еске салайық, Мейвезер 2017 жылы бокс ережесі бойынша жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Бұған дейін МакГрегор мен Мейвезер ережесіз жекпе-жекте кездесуі мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. 

Жарнама

Живи спортом!