Агапованың айтуынша, ол Добсонмен өткен бұл кездесуді жеңіліс деп емес, сабақ деп қарайды екен. "Бұл қызықты кеш болды. Мен екінші раундқа дейін расымен жақсы көңіл көтердім. Менің жанармайым таусылып, төреші күтпеген жерден кездесуде тоқтатпағанша барлығы жақсы болды.
Мен мұны жеңіліс деп есептемеймін. Жеңіліс деп адамның өзіңнің арманыңнан бас тартқан кезді айтуға болады. Мен үшін бұл сабақ. Тәжірибе. Менің жолым енді ғана басталып жатыр. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлықтарыңызға рақмет! Мықты болып қайта ораламын. Мен әрдайым соңына дейін барамын", - деп жазды Агапова Instagram парақшасында.
Еске салайық, Агапова UFC ұйымында 13 маусым күні Лас-Вегастағы UFC Fight Night 172 турнирінде бірінші кездесуін өткізіп, америкалық Ханна Сайферстен үстем түскен еді.