MMA
25 тамыз 2018 09:38
 

"Соғысқа дайындалып жатырмыз". Нурмагомедов МакГрегорға жауап берді

  Пікірлер

blog.share

"Соғысқа дайындалып жатырмыз". Нурмагомедов МакГрегорға жауап берді Хабиб Нурмагомедов. © РИА Новости

Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың әкесі Абдулманапқа тіл тигізуіне қатысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың әкесі Абдулманапқа тіл тигізуіне қатысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Таңертең тұрғанда бір нәрсені түсіндім: Бізбен бірге еместер бар. Вайнахтар әрдайым бізбен. Ойын ғой деп айтады, бірақ біз соғысқа дайындалып жатырмыз", - деді Хабиб Instagram желісіндегі парақшасында. 

 

Аралас жекпе-жектен ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкерін қорқақ деп атаған еді. 

МакГрегор Абдулманап Нурмагомедовке Instagram желісіндегі парақшасында сөз арнады. Ол UFC 223 қарсаңында автобусқа жасалған шабуыл кезіндегі ұлының суретін жариялады. 

"Абдулманап, мен сенің кім екеніңді білемін. Ортаншы балаңа ұқсап жалған құрметтің артында жасырынасың. Дірілдеген қорқақ", - деп жазған МакГрегор жариялаған сурет астына. 

Еске салайық, ресейлік файтер ирландиялықтың спарринг серігі Артем Лобовтың сұхбатында айтқан сөзін сынға алып, жеке кездескенде мәселе шешетінін мәлімдеген. Оған қарсы МакГрегор 6 сәуірде автобусқа шабуылдаған, жолаушылардың бірі Нурмагомедов болған. UFC түсірген кадрларда МакГрегордың автобусқа қоларба мен темір қоршау шиырғанын көруге болады. 


Жарнама

Живи спортом!