Единоборства
19 қаңтар 2022 03:31
 

"Шыр көбелек айналдырар едім". Белгілі ММА өкілі Емельяненконы қалай жеңетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Шыр көбелек айналдырар едім". Белгілі ММА өкілі Емельяненконы қалай жеңетінін айтты ©allboxing

ММА ардагері Джефф Монсон алдағы уақытта Александр Емельяненконы қалай жеңетінін айтты. Монсонның айтуынша ол нокаутпен жеңіске жетуді жоспарлап отыр.

blog.share

ММА ардагері Джефф Монсон алдағы уақытта Александр Емельяненконы қалай жеңетінін айтты. Монсонның айтуынша ол нокаутпен жеңіске жетуді жоспарлап отыр.

"Александрмен сәлемім түзу. Осыған дейін айқасқа түскенімізге қарамастан, жақын достай болып кеттік. Алдағы жекпе-жектен кейін де дос болып қаламыз. Шынымды айтсам, кездесу қорытындысын төрешілер шешкенін қаламаймын. Сондықтан, мені тек қана нокаут қанағаттандырады. Егер айқас өзім өмір бойы айналысып келген ММА ережесімен өткенде, оны шыр көбелек айналдырар едім. Біраз аунатар едім. Бірақ бұл жолы тұрып төбелесеміз. Мен үшін жаңашылдық болмақ", - дейді Монсон HardNews YouTube  арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Монсон мен Емельяненко арасындағы кездесу ақпан айының 23 жұлдызына жоспарланған. Екеуара келісім бойынша бұл айқас жалаң қолмен өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!