Единоборства
24 қараша 2020 14:42

"Шығамын да, жасаймын". UFC-дегі қазақ спортшының қарсыласы нокаутпен жеңеріне сенімді

Сурет: MyMMANews

Швеция атынан өнер көрсететін тегі ирактық Амир Албази (13-1) канадалық журналист Джеймс Линчке берген сұхбатында қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен (13-4) жекпе-жекті нокаутпен аяқтайтынына сенім білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz

"Раулиан Пайва ауыр жарақат алғанын естідім (Жұмағұловты жеңген Пайва қазан айында Альбазимен жұдырықтасу керек болған). Сондықтан жаңа қарсылас күтіп, жаттыға бердім. Жұмағұлов мені таңқалдыра алады деп ойламаймын. Сондықтан жекпе-жекке шығамын да, шілдедегідей жасаймын (Малькольмді бірінші раундта берілуге мәжбүр етті). Осы жолы 50 мың доллар бонусты аламын деп үміттенемін. Ал жекпе-жекке дайындық туралы айтсам, бәрі тамаша. Күрес, джитсу және тік тұрып жұдырықтасу, бәрін жаттықтырып жатырмын. Бәріне дайынмын, осы аптада қарсыласымды тағы ауыстырып жіберсе де", - дейді Альбази.