"Мұндай кездесуді қуана ұйымдастыратын еді. Біз ұйымдастыруға дайынбыз. Ұйымдастыра алатынымызға сенімдіміз.
Менің ойымша, UFC басшысы Дэйна Уайт та бұл кездесуді ұйымдастырғысы келеді. Біз бұған дейін турнирлерді жылдам, әрі жоғары деңгейде өткізе алатынымызды дәлелдедік", - деді Аль Саид.
Айта кетейік, Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы кездесу 2018 жылдың қазанында АҚШ жерінде өтті. Бұл кездесудің төртінші раундында ресейлік спортшы қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғаған еді. Кездесуден кейін октогонда екі спортшылардың командасы арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде Нурмагомедов тоғыз айға шеттелсе, МакГрегор алты айға жекпе-жектен шеттетілді.
Нурмагомедов келесі кездесуін қазан айында өткізеді. Абу-Даби қаласында жоспарланған кездесуде ол америкалық Джастин Гэтжимен кездеседі. Ал МакГрегор болса екі ай бұрын карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады.