Единоборства
26 шілде 2020 14:58
 
Шешен спортшысы екі аптаның ішінде UFC-де екінші кездесуінде жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Шешен спортшысы екі аптаның ішінде UFC-де екінші кездесуінде жеңіске жетті Хамзат Чимаев. Сурет: mmada.net©

Швециялық спортшы Хамзат Чимаев Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер" аралында өткен UFC Fight Island 3 турнирінде жеңіске жетіп, ұйымның рекордын орнатты. 

Жартылай орта салмақта сынға түскен 26 жастағы Чимаевтың қарсыласы 25 жастағы британдық Рис Макки болды. Ол жекпе-жек басталған соң үш минут тоғыз секунд өткенде техникалық нокуатпен жеңіске жетті. 

Бұл Чимаев үшін UFC ұйымындағы он күннің ішінде өткізген екінші кездесуі және екінші жеңісі. 16 шілде күні Хамзат UFC-де бірінші кездесуін өткізіп, Джон Филиппстен үстем түскен еді. Бұл ұйымның рекорды. Тағы бір айта кететін жәйт, өткен кездесуде ол орта салмақта өнер көрсетті. 

Жалпы спортшы осы уақытқа дейін аралас жекпе-жекте сегіз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Чимаев негізі Шешенстан тумасы. 2011 жылы ол Швецияға көшіп, сол елдің азаматтығын алған. 

Жарнама

Живи спортом!