Шавкаттың қарсыласы ауыр жарақат алып қалды. Жекпе-жек өтпейді

Майамиде өткен UFC 299 турнирінде аустралиялық файтер Джек Делла Манделла қазақстандық Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді. Қазақстандық спортшы дайынмын жауап берген болатын. Алайда бұл жекпе-жектің енді жуық арада өтуі екіталай.

Джек Делла Манделла UFC 299 турнирінде Гилберт Бернспен шайқасты. Үшінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді. Осы жекпе-жекте файтер қолын сындырып алған.
X-ray of Jack Della Maddalena's broken arm...
— Consensus Score (@ConsensusScore) March 13, 2024
Yeesh... It totally reframes his fight versus Gilbert Burns.
So we are going to have to wait a while to see JDM vs Shavkat.#UFC #UFC299 #MMATwitter pic.twitter.com/wZkCl8Vz2o
UFC жаңарған рейтингінде Манделла жартылай орта салмақта 6 саты жоғарылады. Ал отандасымыз Шавкат Рахмонов үздік үштікте. Екі спортшы арасындағы жекпе-жек жақын арада өтуі екіталай. Аустралиялық спортшы жарақатына ота жасатады.
Сондай-ақ Шавкат та қазір жарақатын емдетіп жүр.
Жарнама