Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) жекпе-жекте титулын қорғап қалатынына сенімді.
Спортшылар негізі желтоқсанда өткен UFC 310 турнирінде жұдырықтасу керек еді, алайда, чемпион операцияға байланысты айқасқа шыға алмады."Жаттығу мен жұмысыма оралғаныма қуаныштымын. Келесі Шавкат болатыны анық, бірақ, одан кейін Хоакин Бакли, Карлос Пратес, Иэн Гэрри бар. Дивизиондағы өзгелер не істейтіні және ары қарай не болатынын күтіп отырмын. Мен туралы айтсақ, мен белсенді болып қалғым келеді. Кезекте бірінші тұрғанды жіліктеп, титулымның алғашқы қорғауны өткіземін де, келесі жемтігімді қарастыра беремін", - дейді Белал Cageside Press.