Жеңіліп көрмеген аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) бапкері Эдуард Базаров қазақстандық файтердің UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жектен неге бас тартақынын түсіндірді, деп жазады Vesti.kz.
Еске салайық, Мухаммад UFC чемпионы атағын аустралиялық Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы айқаста қорғайтын болды.
Бірақ бұл мүмкіндік бастапқыда Шавкатқа ұсынылған.Мухаммад пен Маддалена 11 мамыр Канаданың Монреаль қаласындағы жұдырықтасады.
"Біз мұндай қатерге бара алмадық. Шавкат толық жазылған жоқ, оның үстіне Рамазан айы басталады. Біз мамырға еш үлгермейміз. Егер бұла айқас жазға белгіленгенде, дайындалып үлгерер едік. Мамырға тәуекел ете алмадық. Шавкат чемпиондық айқасқа толық дайын болып шығу керек. Қатерге баруға болмайды. Оның үстіне чемпиондық айқасты бізге бәрібір береді. Қалай болса да", - дейді Базаров "Спорт Шредингераға" берген сұхбатында.