MMA
Кеше 11:28

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі өтетін уақыт "белігленді"

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) бапкері Эдуард Базров "Номадтың" UFC-ге қай кезде оралатынын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарақаты жазылып, сауығып келеді

Бастапқыда Рахмонов UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпион, америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) кездеседі деп жоспарланған болатын. Алайда Шавкат жарақатына байланысты "сегізбұрышқа" оралуын шегеріп, оның орнын аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) басты.

– Қазір Шавкат Алматыда жаттығып жүр. Ол белгілі бір деңгейдегі жүктемелермен жұмыс істеп жатыр – жағдайы жақсарып келеді. Енді алда толыққанды жаттығуға кірісе алады.

Октагонға оралуды күзге жоспарлап отырмыз. Шамамен қазан айына қарай. Қазір уақыт жоғалтуға болмайды – уақыт өте келе жаңа спортшылар шығып жатыр, – деді Базров "Спорт Шредингера" сайтына.

Чемпиондық айқасқа болжам

Сондай-ақ, Эдуард Базров 11 мамыр күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінде Белал Мухаммед пен Джек Делла Маддалена арасында өтетін чемпиондық айқасқа қатысты өз болжамымен бөлісті.

"Белал мен Маддалена арасындағы титулдық жекпе-жекке келсек, меніңше, жеңіс Белал жеңеді. Осыдан кейін біз жоспарлағанымызды жүзеге асыра аламыз деп үміттенемін. Шавкат чемпиондық титул үшін айқасуды тағатсыздана күтіп жүр", – дейді Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов октагонға кейінгі рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Ол кезде Шавкат UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) төрешілердің ортақ шешімімен жеңген. Ал бастапқыда Рахмоновтың қарсыласы Белал Мухаммед болуы керек еді, бірақ, америкалық чемпион жарақатына байланысты ол кезде айқасқа шыға алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport