Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қоян-қолтық ұрыстан Сора Рахмонова бұған дейін екі рет әлем чемпионы атанған. Астанадағы жарыста тағы да өзіне тең келер қарсылас жоғын дәлелдеді.
Сора – аралас жекпе-жектің танымал шебері, UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың қарындасы. Соңғы рет NAIZA 51 турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны жеңген болатын.