Шавкат Рахмоновтың басты кемшілігі айтылды
Жартылай ауыр салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Джамал Хилл қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгеніне қатысты өз ойын айтып, "Номадтың" осал тұсын атады, деп жазады Vesti.kz.

"Өте қызықты жекпе-жек болды. "Вандербой" (Томпсонның лақап аты) бірінші раундта жақсы көрінді. Шавкат тобығынан жарақат алғаны айқастан кейін белгілі болды. Оның сіңірі созылған немесе сынығы бар болғандықтан теппей жүрді. Қозғалысы да өзгешелеу болды.
Бірақ Шавкаттан бір байқағаным - ол соққы өткізіп алады. Ол ауыр соққы жіберіп алады және мұны кейінгі айқастарынан анық көруге болады. Бірақ әлбетте Шавкат қауіпті, қарымта соққы жасап, күрес тәсілімен құлатып, кейін жеңіп тастай алады. Ол "Вандербойды" сабмишенмен жеңген бірінші адам", - дейді Хилл өзінің YouTube арнасында.
Жарнама